ЖОББ Амангелді Мектеп Балабақшасы нда "Шаңырақ"оқушылар қауымдастығының жұмысын,тиімділігін,өзектілігін насихаттап, мектепішілік үздік шаңырақты анықтау мақсатында "Үздік шаңырақ сағаты-2020" байқауына старт беріліп, "Бәйтерек" шаңырағының "Абай-дана, Абай-дара" тақырыбындағы әдеби-сазды шаңырақ сағатының куәсі болдық.

3-11ақпан аралығында 5шаңырақ сағаттары өтеді, қабырға газеттері шығарылады, таныстырылым дайындалады,рейтинг жасалынып, 13ақпанда қорытындысы жарияланады. Бұл шаралар оқушылар арасында командалық жұмысты жақсарту, қамқорлық пен сыйластықты, достық пен татулықты насихаттауға, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталады. Іске сәт!