Жаңалықтар

Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына биыл 31 жыл толуына орай, ауған соғысы ардагерлері, ауылдас ағалармен кездесу өтті. Батыр ағалар ерлігін кеңінен дәріптеп, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған бұл шара да емін-жарқын естелік әңгімелер айтылды.

12 ақпан 2020ж ЖОББ Амангелді Мектеп Балабақшасы нда "Үздік шаңырақ сағаты-2020" байқауы өз мәресіне жетті. Сынып жетекшілері арасында "Шаңырақ" оқушылар қауымдастығының жұмысын ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген бұл байқаудың жеңімпазы ҚАЗЫНА шаңырағы атанды.

6 ақпан күні "Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы" онкүндік аясында "Қайырымдылық - жер бетінде" атты флеш-моб өткізілді. Мақсаты: жақсылыққа - қайырымдылықпен, мейірімділікке - ізгілікпен, достыққа - адалдықпен жауап беруге тәрбиелеу.#қайырымдылықжербетінде

ЖОББ Амангелді Мектеп Балабақшасы нда "Шаңырақ"оқушылар қауымдастығының жұмысын,тиімділігін,өзектілігін насихаттап, мектепішілік үздік шаңырақты анықтау мақсатында "Үздік шаңырақ сағаты-2020" байқауына старт беріліп, "Бәйтерек" шаңырағының "Абай-дана, Абай-дара" тақырыбындағы әдеби-сазды шаңырақ сағатының куәсі болдық.

"Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубының жоспары бойынша "Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу" іскерлік ойыны өтті.