Мерейлі білім ордасының тарихы

Амангелді совхозының құрылуына байланысты ауылда 8 жылдық мектеп ашылды. Бұл мектеп 1970 жылы 1 қыркүйекте 139 оқушы, 8 оқытушымен өз жұмысын бастады.

Олар:

  1. Умиртаев К.У.-мектеп директоры
  2. Скоробогатов Л.П.
  3. Шинтимирова У.К.
  4. Габдуллина М.У.
  5. Карпова Е.Ф.
  6. Дусенгалиев М.К.
  7. Естекова К.Г.
  8. Беккалиева Р.Б.

Мектеп жылдан-жылға үлкейіп, оқушылардың қатары көбейіп кейін 10 жылдық мектеп болып қалыптасты.Амангелді орта мектебі жаңа ғимаратқа 1982 жылы көшірілді. Демек, 2017 жылы 11 қаңтарда мектебімізге 35 жыл толады. Еліміздің өркендеуі, мектебіміздің көркеюі мен дамуы, жаңа сатыларға көтерілуі тәуелсіздік жетістігі деп білеміз. Өйткені сонау 35 жыл бұрын ашылған мектеп  жанында 2007-2008 оқу жылынан бастап  балабақша , 2010жылы шағын  орталық  ашылып, бала тәрбиесі мен біліміне өз үлесін қосуда..35 жыл ішінде мектепте директорлық қызметін атқарған  және білім беру саласында ұзақ жылдар еңбектеніп мемлекеттік марапатқа ие болған ұстаздарды мақтан етеміз. Олардың есімдері мектеп тарихында , білім беру саласында алтын әріппен жазылады.

Олар:

Жуминов Сейтқали Дүйсекейұлы-1974-1986жж мектеп  директоры қызметін атқарды.1989жылы ҚССР-ның «Білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталды.

Габдуллин Әдиет Оразұлы- 1986-1993жж мектеп директоры, ҚССР «Білім беру ісінің үздігі» атағына ие болды.

Маширов Тельман Ғұмарұлы –1986жылы  ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен, 1999ж Қазақстан Республикасы «Білім беру ісінің үздігі» наградасымен марапатталды,спорт шебері атағын алды.1993-1998жж аралығында Амангелді орта мектебінің директоры қызметін атқарды.

Сонымен қатар мектебіміздің тірегіне айналған ардагер ұстаздар қазіргі таңда сабақтастықты жалғастырып, тығыз байланыста.

Ахметжанова Тамара Мухамбетжановна  - 1986-1991жж аралығында математика пәнінің мұғалімі қызметін атқарды.1984жылы  «ҚССР сіңірген мұғалім», 1988жылы ҚССР «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгілерімен марапатталды.

Тлепбергенова Роза Алексейқызы- 1975-2006жж аралығында Амангелді орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін атқарды. 1995жылы Қазақстан Республикасының «Білім беру ісінің үздігі»  төсбелгісімен марапатталды.

Табенова Насип Хамидулловна-1985-2009 жылдар аралығында Амангелді орта мектеп-балабақшасында  кітапханашы қызметін атқарды. 1992жылы Қазақстан республикасының «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Карпова Евдокия Федотовна-.1944 жылдан бастап І Шежін бастауыш мектебінде мұғалім қызметін атқарды. 1958 -1969жж аралығында І Шежін бастауыш мектебінің меңгерушісі.1970-1991жж аралығында Амангелді орта мектебінің мұғалімі мамандығын атқарды.1964жылы «ҚазССР-нің халыққа білім беру үздігі» төсбелгісімен,1979жылы КСРО-ның құрмет грамотасымен марапатталды.

Кушекова Қазна Анесқызы - 1981-2002 жыл аралығында Амангелді орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметтерін атқарды. 1998 жылы«Білім жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін»  Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Шүренова Күляш Сақыпкерейқызы – 1979-2007 жылдар аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін атқарды. Жоғары санатты ұстаз, 1994 жылы Қазақстан Республикасының «Білім беру  ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.      

Сонымен қатар , тәуелсіздік жылдары терең білім алып, мектепті ерекше аттестатпен бітірген оқушыларды мақтанышпен атаймыз. Олар: Ерниязова А.А., Сергазиев С.Н., Карабалинова З.М., Федосова Е.В., Джанжигитова Р.Е. және  9 сыныпты ерекше куәлікпен бітірген оқушыларымыз: Ерниязов Р., Алдыбекова Н., Чулаков Ж., Джанжигитова Р., Муканова Р., Утепова А.,  Чапурин М., Ергалиева М., Череватова О., Ислямгалиева А., Шакирова А., Бексейтова А., Мухамбетжанова Ж., Ергалиева А., Калмурзина А., Кажбалинова А.,  Абдешова М., Туменова Б., Ергалиева Г,  Мажитова Н., Нарушев Ж., Байсеуф З., Бакитов Д., Бакитова Д., Кенжегалиева А.

2016-2017 оқу жылында ЖОББ Амангелді мектеп- балабақшасында жалпы 36  педагог 7 тәрбиеші жұмыстануда. Жоғары санатты - 5, бірінші санатты - 18 , екінші санатты - 8 ұстаз бар. Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер саны 5:үшінші деңгей -3, екінші деңгей-1, бірінші деңгей-2.  

2010-15 оқу жылдарында оқушылардың жазғы демалысын үздік ұйымдастыруда, оқушыларды ыстық тамақпен 100%-бен қамтамасыз етуде мектебіміз І орынды иеленді. Сондай-ақ, Айман Нургалиевнаның басшылығымен мектептің оқу-тәжірибелік үлескісі аудан және облыс бойынша үлгілі танылып І, ІІІ орындармен марапатталды. Мектеп базасында  аудандық семинарлар сапалы ұйымдастырылып өтуде және оқушылардың білім  сапасын көтеру мақсатында мектеп пен отбасы ынтымақтастығы нәтижелі жүргізілуде. Мектептегі аз қамтылған, көпбалалы, қолайсыз отбасы балаларына қамқорлық пен қайырымдылық көрсету мақсатымен демеушілермен белсенді жұмыстанамыз.

Мектепте  тьюторлық  жұмыс жүйелі жүргізіледі.Оның дәлелі ЖББ Бірінші Шежін БМ  1989 жылы 8 оқушы 1 оқытушымен ашылды. Меңгерушісі Нагимова Т.С. болды, қазіргі таңда Айткалиева А.К.Тәуелсіздік жылдары біріктірілген сыныптар оқытылып келді. Мектеп базасында семинарлар, әдістемелік кеңестер өткізіліп, білім мен тәрбие беруде сабақтастық жұмысының жүйесі қалыптасты. Биылғы 2016-2017 оқу жылындағы ерекшелігі: 4 сынып комплект  бөлек ашылып оқытылады: 13 оқушы мен 4 мұғалім бар.Сонымен қатар ЖОББ Амангелді мектеп- балабақшасының  география, биология, ағылшын тілі, орыс тілі пәнінің мұғалімдері  І Шежін мектебінде дәріс беруде.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында білім беру ордасының алдында тұрған мақсаты: білімді, тәрбиелі, патриоттық сезімі жоғары, адамгершілігі мол, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.Осы мақсатқа жету жолында  оқушылар бойында «Мәңгілік ел» идеясын ұғындыру, көк туымызды биікте ұстау, тарихымыз бен мәдениетімізді дамыту үшін ата- аналармен тығыз байланыста жұмыстанамыз. 

Мектептің қазіргі атауы: Жалпы орта білім беретін Амангелді мектеп-балабақшасы кешені